Архив событий

19/04/2016

Астанада журналистер мен блогерлер интернетте сөз бостандығы мен лексикаға төзбеушілік мәселесін талқылады

19/04/2016

Ағымдағы жылғы 19 сәуірде Астанада «Интернетте сөз бостандығы мен лексикаға төзбеушілік» тақырыбында екі күндік тренинг өз жұмысын бастады.

ЕҚЫҰ Астанадағы Бағдарламалар кеңсесі мен «Құқықтық медиа орталығы» ҚБ-ның бастамасымен ұйымдастырылған тренинг журналистерге, блогерлерге, мемлекеттік органдар баспасөз қызметінің мамандарына, сондай-ақ интернеттегі әлеуметтік желілерді пайдаланушыларға бағытталған.

«Сот кабинеті» сервисінің 7 мыңнан астам тұтынушысы оnline-сауалнамаға қатысты

19/04/2016

Жоғарғы Сот ағымдағы жылдың 4-сәуірінен бастап сот процесіне қатысушылар мен «Сот кабинеті» сервисінің басқа да қолданушылары арасында online-сауалнама жүргізуді бастады.

Сауалнама азаматтардың жүргізіліп отырған реформалар, сондай-ақ «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыру аясындағы қазақстандық соттардың жұмыс сапасы мен қолжетімділігіне  қанағаттанушылық деңгейін анықтау мақсатында жүргізілуде.