Архив событий

12/04/2016

Судьялардың жаңа Әдеп кодексінің жобасы талқыланды

12/04/2016

Бүгін Әскери сот бейнебайланыс Судьялардың жаңа әдеп кодексінің жобасын талқылауға арналған жиналыс бейнеконференц байланысы арқылы өтті.

Іс-шараға Әскери соттың  төрағасы С.Абдуллаев, алқа төрағалары мен судьялары, Ақмола гарнизоны әскери сотының және қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының төрағалары мен судьялары және Әскери соттар әкімшісінің басшысы қатысты, ал қалған гарнизондардағы әскери соттардың төрағалары мен судьялары бейнебайланыс арқылы қатысты.

Алматы облыстық сотында өткен семинар-тренингте Қазақстандағы адам құқықтарын қорғаудың отандық және халықаралық механизмдері талқыланды

12/04/2016

Алматы облысының әкімдігінде «Қазақстандағы адам құқықтарын қорғаудың отандық және халықаралық механизмдері» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Қарағанды облыстық сотында сот процестерінде АБТ жүйесін қолдану мәселелерін зерделеу бойынша семинар-кеңес өткізді

12/04/2016

Қарағанды облыстық соты соттардың кеңсе меңгерушілері мен бас мамандар, сот отырыс хатшылары үшін сот процестерінде аудио-бейнетіркеу жүйесін сапалы қолдану, сот отырысының уақытылы басталуы, сондай-ақ АБТ жүйесін қолдана отырып сот процестерін тағайындау мен өткізу бойынша есепті қалыптастыру мәселелерін зерделеу мен талқылау мақсатында семинар-кеңес өткізді.

Кездесуді соттар әкімшілігі басшысының орынбасары Дархан Ахашов және Ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі Шынар Солтаева өткізді.